Табиғат аясындағы тамаша демалыс

0 25

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуді республикалық «Салық тәртібі» газетінің үлкен шығармашылық ұжымы бүгін Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы «Тауқымыз» демалыс орталығында қорытындылады.

Биыл республикадағы алғашқы тәуелсіз басылымдардың бірі саналатын «Салық тәртібі» газетінің жарыққа шыққанына 30 жыл. Басылымның алған асуы, жеткен жетістігі туралы әңгіме бөлек. ры қызметкерлері күніне орай ұйым­дастырылған Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиадада редакция ко­мандалары арасында екінші орын алған «Салық тәртібі» газетінің командасы биыл да тағы да 12 команданың арасында жүлделі екінші орынды иеленді.
Саламатты өмір салтын берік ұстанатын әріптестер демалыс орнында бассейнде жүзіп, дойбы ойнады, доп қуды.

Алты қанат ақбоз үйде дәм татып, тараздық өнерпаз жігіттердің өнерін тамашалады. Шығармашылық ұжымның барлық мүшесіне мерекелік ақшалай сый­лық тапсырылды.

Бір-біріне ізгі тілегін арнаған әріптестер «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағын алған «Салық тәртібі» газетінің жанынан шығатын Жамбыл облыстық «Әулиеата» газетінің бас редакторы Қуаныш Иембердиевті, үш аудандық газеттің директоры Олжас Иенбергенді «Шапағат» медалімен марапаталуымен және басқа да түрлі марапатқа ие болған әріптестерін құттықтады. Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің бас редакторы Дүйсен Молдақұлов аталық ақ батасын берді.

Шығармашылық ұжымды ынтымақ-бірлікке бастайтын бастамалардың бас­тауында тұрған «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы, белгілі менеджер-журналист Ғалым Қасабайға әріптестері ризашылығын жеткізіп, алғыстарын жаудырды.