Бағындырған белестер

0 21

«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында керемет білімді, өнегелі, ізденімпаз педагогтар еңбек етеді. Бақша ішіндегі ауыз толтырып айтатын шаралардан басқа да жеткен жетістіктер жетерлік. Әр мереке – жаңаша ойлап табулармен, ізденістерге толы шеберлікпен ұйымдастырылып өткізіледі.

Жақында Шымкент қаласында құзыреттілік орталықтары мен мобильді топтардың «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын трансформациялау: педагог тәжірибесіндегі бетбұрыс» өңірлік семинары өтті. Республика көлемінде ұйымдастырылған семинарға ауданымыздағы «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Бейсалиева Гүлжан Сланбекқызы қатысып қайтты.

Ауқымды семинарды бес тәжірибелік алаңға бөлді. Тәрбиеші Гүлжан Сланбекқызы 4-тәжірибелік алаңға, яғни, нөмірі 68-ші «Балауса» бөбекжай-бақшасы Тажиева Мария Раушанқызы бастаған ұжымның таратқан озық тәжірибесі мен жаңашыл педагогикалық идеяларын, тәрбиеленушілердің өзін еркін ұстауына қарай жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын көріп өз қоржынын керемет идеялармен толтырып, керемет көңіл-күймен қайтты. Семинарда әр өңірден барған мектепке дейінгі ұйымның педагогтары Сертификатпен марапатталды.

Күннің екінші бөлігінде әр өңірден келген 500 педагог Пленарлық мәжіліске жиналды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының директоры Гүлшат Оңланбекқызымен кездесу өткізіп, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады.

Балалардың шығармашылық дағ­дыларын, өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, өнер түрлері туралы түсініктерді қалыптастыру арқылы балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу мақсатында аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алтынбаеваның келісімімен Меркі ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бө­лімінің басшысы Т.Ахметжановтың ұйым­дастыруымен «Балалықтың бал тілі» тақырыбында балалар арасында флешмоб ұйымдастырылып өткізілді.

«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының «Қарақат» тобының 8 тәрбиеленушісі қатысып, «Жол сақшысы» биін билеп ерекше өнер көрсетіп, жүлделі II орынмен марапатталды.