Біз сыбайлас сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

0 17

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында, сондай-ақ, «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс- әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп са­тып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Жуырда Меркі аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қар­сымыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға №17 И.Трубицын атындағы ЖББМГның оқушылары қатысты. Іс-шара ба­рысында кітапханашы Гүлмира Тәжібайкызы оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлық» деген не?, жемқорлық неге әкелетіндігі, Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданғандығы, ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2-шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғандығына тоқталды. Ол Қазақстанда, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілерде қабылданып, оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жататындығы туралыда түсіндіріп, айтып өтті.

Әділдік жоқ жерден пара белең алады. «Дүние-байлық не керек, ден­саулығың болмаса, бірлігің не керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөздерді үнемі негізге ала отырып, әділдікке жетеміз. Шынында да, әділ төрелік жасалып, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие болып, жемқорлықтан арыламыз деген ойдамын.