Аудандық орталық кітапхананың «Білім орталығында» белгілі қазақ жазушысы, журналист, қоғам қайраткері, мәдениет саласының көрнекті өкілі – Әлібек Асқаровтың 75 жасқа толуына орай, «Көркем ойдың кемел иесі» атты библиофэйс болып өтті.
Атаулы іс-шараның басты мақсаты – жазушының өмірбаяны мен шығармаларын насихаттап, таныстыру. Белгілі журналист, жазушы Әлібек Асқаров 1951 жылы 24-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Чернов ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмәмдаған соң Алматы қаласы, ҚазМУ-дің журналистика факультетін оқып бітірген. Сонымен қатар, Әлібек Асқаров тек жазу ғана емес, прозашы, баспагер, кәсіби суретші, Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болған.
Жиында жазушы туралы бейнеролик көрсетілді. Жиынның өткізілуіне орай, Ақтоған ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, әнші Нұрдәулет Исатаев «Сағыныш самалы» атты әсем әнді шырқап ашып берді. Әрі қарай, жазушының әңгімелері мен повесттерімен кітапханашы – М.Асанқұлова, абонемент бөлімінің кітапханашысы – Н.Юсупова, ақпараттық библиографиялық бөлімінің кітапханашысы – Ә.Отарбаева және кітапхананың тұрақты оқырмандары – Д.Горький және А.Асқаров кішігірім шолу жасады. Сонымен қатар, олар жазушының «Ерте түскен боз қырау», «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын», «Моно Лизаның портреті», «Алданған ұрпақ», «Алтайда алтын күз еді», «Қиғаш хикаясы» және тағы да көптеген шығармаларымен таныстырып атап өтті.
Атаулы ұйымдастырылған библиофейстің соңында қатысушыларға жазушы, журналист Әлібек Асқаров туралы түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасып іс-шараны аяқтады.