Конференция болып өтті

0 24

Жуырда аудан орталығындағы Мәдениет үйінің конференция залында «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының XLVII кезектен тыс конференциясы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясының аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бөлім басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында делегаттар 3 адамнан хатшылық, 3 адамнан санақ және 2 адамнан мандат комиссиясының құрамын бірауыздан сайлады.

Конференцияның күн тәртібіне бір мәселе ұсынылды. Ол «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі әкімі лауазымына кандидатты ұсыну туралы. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы қо­ғамдық бірлестігінің Жарғысының 9.6-тармағына және партияның Меркі аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат ретінде партия мүшесі Жұматаев Ұлан Мұратұлының кандидатурасы конференция қарауына енгізілді. Кандидаттың өмірбаянын таныстыру үшін сөз партияның Меркі аудандық филиалы жанындағы «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Даниярова Индира Нұрділдәқызына беріліп, ұсынылған кандидатура делегаттар тарапынан қолдау тапты.