Есептік кездесу өтті

0 7

Аудан әкімшілігінде кезекті 2025 жылғы сайлау комиссиясының атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өткізілді.

Аталған есеп беру жиыны аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, округ әкімдері, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ардагерлер кеңесі мен жергілікті қауымдастық төра­ғалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, округтік, учаскелік сайлау мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кездесудің күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атқа­рылған жұмыстары туралы баяндама оқылып, слайдтар көрсетілді.

Алғашқы баяндаманы аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлмира Далиева өткізілген іс-шараларға арналған 20 минуттық баяндама оқыды. Яғни, 2025 жылғы өткен сайлаулар туралы ақпарат беріп, сайлау қорытындысы бойынша ауқымды ақпараттарды атап өтті. Келесі кезекте сайлау мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есепті аудан әкімдігінің аппарат басшысы Әлішер Тілемісов өз есеп беруінде таныстырып өтті. Жалпы сайлаудың негізгі шарттарымен таныстыру үшін Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов өте тұжырымды баяндама оқып, қойылған сұрақтардың жауабына жауап берді.

Жиынның соңғы бөлігінде сайлау нау­қанында жоғары деңгейде белсенділік танытып жүрген аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржан Төлебаев, аудан әкімдігінің ұйымдастыру-инспек­торлық бөлімшесінің бас инспекторы Мадияр Оңалбай облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хатына ие болды. Ал, №19 С.Әлібекұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сандуғаш Сеитова, «Меркі ақиқат» редакциясының компьютер бөлімінің жетекшісі Максим Ковель аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.