Жасыл Меркіге – жүз жаңа тал

0 15

Ауданда экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудандық дендропарк аумағында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері мен аудандық мекеме­лердің ұжымдары қатысып, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлес­терін қосты.

Сенбілік барысында қатысу­шылардың күшімен 100 түп сәндік және жеміс ағаштары отырғызылды. Бұл бастама ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл аймақтарды көбейтуге және тұрғындар арасында табиғатты аялау мәдениетін қалып­тастыруға бағытталды.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов акция аясында сөйлеген сөзінде:

«Туған жердің әр түп ағашы – келешек ұрпаққа қалатын аманат. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп атап өтті.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сенбілікке қатысқан меркіліктер көгалдандыру ісіне зор жауапкершілікпен қарап, туған өңірдің ажарын ашуға өз үлестерін қосты.

Жасыл желекке бөленген Меркі – болашаққа бағытталған ізгі істің айғағы.