«Жасыл ел» еңбек жасағы

0 12

Меркі ауданында «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарға арналған еңбек жасағы жұмыс жасауда.

Бұл жоба жалпы 2005 жылы іске асырылған, жобаның басты мақсаты –жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, елді-мекен аумағын көгал­дандыру, табиғатты қорғау және жастарды мау­сымдық жұмысқа тартуға бағытталған. Бұл бағдарлама тек экологиялық емес, әлеуметтік және тәрбиелік маңызы бар жоба болып саналады. Себебі, жазғы демалыс кезінде студенттер мен мектеп оқушылары еңбек етіп, өз еңбегі арқылы табыс табады. Сонымен қатар, олар бір-бірімен танысып, жаңа достар табады, туған жердің табиғатына жанашырлық сезім қалыптастырады.

2025 жылы Меркі ауданында «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұ­мыспен қамтудың индикаторлық көр­сеткіші бойынша 100 жасты (Оның ішінде: 4 жұмыссыз жас) маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланып, бүгінгі күнге то­лығымен орындалды. Нәтижесінде: аудан аумағындағы жалпы көлемі 35 000 м2 аумақ таза­ланып, 49,3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

Жамбыл облысы «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының қорытындысы бойынша жастар арасында экологиялық, патриоттық тәрбиені насихаттау және достық ынтымақтастықты қалып­тастыру мақсатында «Үздік жасақ» номи­нациясымен Меркі ауданы мара­патталды және «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Мұрзақұлұлы Азат пен Темірбай Аружан Біржанқызы Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Кадыралиевтің Алғыс хатымен мара­патталды.