Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет… Мен жуырда Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездестім. Сонда айтқан ойымды еліміздің барша жастарына тағы да қайталағым келеді. Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни, ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», – деп, атап өткені белгілі. Осы ретте, жастардың замана ағысымен адымдап, отаншылдық қасиеттерімен ұлтжанды болып қалыптасуының негізін қалау жасы үлкен ел ағаларының міндеті дер едім. Сонда ғана жастар қауымы ұрпақтар сабақтастығымен жалғасатын тұлғалық асу мен «толық» адам қағидатын бағындыра алады. Ал, жастайынан қаланған патриоттық сезімнің іргетасы мықты болып, кез келген алмағайып кезеңдерге төтеп бере алатыны сөзсіз.
Сондықтан, еліміздегі сияқты, ауданымызда да мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігінің №224 Қаулысымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесінің құрамы жаңартылып, олар аталған бағыттағы игі істерді жаңаша үрдіспен қолға алды.
Аталған кеңестің төрағалығына өзім бекітілсем, аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек Кеңес төрағасының орынбасары ретінде, сонымен қатар, түрлі сала басшыларынан құралған лауазымды тұлғалар кеңес мүшелері құрамына кірді.
Міне, осы құрылған Кеңес арқылы 2015 жылғы 9-ақпандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын орындау жөніндегі кешенді жоспары ауданымызда өз деңгейінде жүргізілуде.
2024 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 115 млн. 570 мың теңге қаржы қарастырылды.
Меркі ауданы бойынша жалпы халық саны – 88627. Оның ішінде, 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 27797, яғни, халық санының 31%-ын құрайды.
Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 2024 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша әртүрлі бағытта 648 іс-шара ұйымдастырылып, оған 25400 жас қамтылды. Бағыттарды атап айтсақ, оның ішінде, «Рухани-адамгершілік» – 120, «Әскери-патриоттық» – 31, «Спорттық» – 26, «Мәдени-шығармашылық» – 47, «Құқықтық» – 75, «Діни» – 28, «Психологиялық-танымдық» – 61, «Жастарға кеңес беру» – 132, «Экологиялық мәдениет» – 86, «Этносаралық келісім» – 25, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты бойынша – 17 іс-шара болып өтті.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «MERKI ERIKTILERI» волонтерлік қозғалысының 10 бағытына келсек, 2024 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша 262 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2336 ерікті жас қамтылды. Атап айтқанда, «Зооволонтерлік» бағыты бойынша – 8, «Этноволонтерлік» бағыты бойынша – 14, «Білім беру саласы» бағыты бойынша – 28, «Әлеуметтік» бағыты бойынша – 81, «Медициналық» бағыты бойынша – 21, «Экологиялық» бағыты бойынша – 50, «ТЖ» бағыты бойынша – 25, «Медиа-волонтер» бағыты бойынша – 10, «Өнер саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша – 22, «Спорттық және СӨС волонтерлік» бағыт бойынша – 3 іс-шара өткізілді.
Аудан жастарын ақпараттандыру мақсатында аудандық БАҚ беттеріне – 22 мақала жарияланды, әлеуметтік желі парақшаларына – 2643 (фейзбукқа – 866, инстаграмға – 1276, басқа да – 501, әкімдік сайтқа – 175, тәуелсіз сайтқа – 82) пост, облыстық «Jambyl» телеарнасында 4 бейнетүсірілім жарияланды.
«Отбасының цифрлық картасының» орындалу барысы бойынша тоқталып өтсем, Меркі ауданы аумағында уақытша бос жүрген (NEET) жұмыссыз жастарды өзектендіру бойынша аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері тарапынан 3 518 жасқа мекен-жай жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 1838 жасқа өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, ол 52,25%-ға орындалып отыр.
Қазіргі таңда 1680 жасқа өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жалдамалы жұмысшылар – 454, тіркелмеген жұмыссыздар – 178, үй шаруасындағы әйелдер – 369, шет мемлекеттегі жастар – 341, тіркелген мекен-жайында тұрмайтындар – 332, ресми жұмыс жасайтындар – 1, жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс жасайтындар – 2, мүмкіндігі шектеулі жастар – 2, үй қамағындағылар – 1.
Жастар ресурстық орталығына қатысты 2 нысаналы индикатор белгіленген.
І. 2024 жылға арналған «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмыспен қамтудың индикаторлық көрсеткіші бойынша 105 жасты маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланған. 2024 жылдың сәуір және мамыр айларында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына барлығы 55 жас қоғамдық жұмысқа тартылды. Нәтижесінде, аудан аумағындағы жалпы көлемі 6400 м2 аумақ тазаланып, 9,7 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айында «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 50 жасты жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.
ІІ. Сонымен қатар, 2024 жылы Түйінді нысаналы іс-шаралар бойынша 15 индикаторлық көрсеткіштер белгіленіп, 6 айдың қорытындысы бойынша барлық индикаторлық көрсеткіштер өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтқанда, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу – 6 (жоспар 6), «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастыру – 18 (жоспар 18), жастар арасындағы лудоманияның алдын алу бағыты – 4 (жоспар 4), волонтерлік қызметті дамыту – 262 (жоспар 90), есепте тұрған, тәрбиесі қиын жастар мен кәмелетке толмағандармен кездесу – 6 (жоспар 6), балалар мен жастар арасында адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу бойынша – 17 (жоспар 6), құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу – 75 (жоспар 10), діни сауаттылықты арттыру – 28 (жоспар 8), уақытша бос жүрген жастардың қатысуымен іс-шаралар – 20 (жоспар 8), мүмкіндігі шектеулі жастармен іс-шаралар – 10 (жоспар 9), нашақорлықтың алдын алу бағыты – 8 (жоспар 7), отбасылық зорлық-зомбылықтардың алдын алу – 9 (жоспар 8), жастар арасында этносаралық қатынастарды нығайту – 25 (жоспар 13), жастар арасындағы киббербуллинг, буллингтің алдын алу – 6 (жоспар 4) және жастар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру – 7 (жоспар 3).
Жастардың жеке мәселелері бойынша 2024 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен 9 қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған жалпы 30 жас қайырылды. Нәтижесінде, 7 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтары мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты, 3 жас «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-не жұмысқа жіберілді, 12 жас «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әртүрлі мекемелерге жіберілді, 3 жас тұрақты жұмыс орнына орналасты, 5 жасқа жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берілді.
Бүгінгі таңда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан 2 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, «Жастарға кеңес» жобасы аясында, барлық ауылдық округтердегі жастарға (жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмекті қажет ететіндер және т.с.с) түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ақпараттық-әдістемелік материалдарды тарату мақсатында 18 көшпелі кеңес беру алаңы өткізіліп, оған 1415 аудан тұрғындары мен жастары қамтылды.
«ІЗГІ ІС» атты волонтерлік қайырымдылық жобасы аясында 16 іс-шара өткізіліп, оған 110 белсенді жас қамтылды. Нәтижесінде, 12 аз қамтылған отбасы азық-түлікпен қамтылып, 6 жалғызілікті қариялардың үй шаруасына көмек көрсетілді.
Ауданымызда 10 жас пен 29 жас аралығындағы жасөспірім мен жастарға консультативті медициналық-психоәлеуметтік көмек көрсетіп, жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында 2021 жылдың аяғында ашылған «Ұшқын» жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды. Аталған орталықта ұлдар мен қыздардың өз денсаулығына жауапты көзқарасын және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бойынша тегін қызметтер көрсетіледі. Мұнда уролог, дерматовенеролог, психолог, терапевт, СӨС дәрігері мен әлеуметтік және заңгердің қызметтеріне жүгінуге болады. Сонымен қатар, аталған орталықта кейбір жағдайларда анонимді түрде кеңес алып, түрлі семинар, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге қатысып, білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған.
Жастар болашағымыз болған соң, мемлекет, оның ішінде, жергілікті билік тарапынан түрлі қолдаулар жасалуы Тәуелсіз еліміздің басты ұстанымы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдары да тап осы бағытқа бастайды.
Біздер аудан жастарына құқықтық тәрбие беру мәселесіне де жіті қарап, осы түйткілді жайтты зерделеуді үнемі назарда ұстап отырмыз. Бұл ретте, Меркі аудандық пробация қызметі Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 6 айында бірқатар жұмыстар атқарды. Оның ішінде, «Қадағалау», «Есепте тұрған», «Пробация», «Шартты сотталған» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. «Болашағыңнан қол үзбе» тақырыбында өткен кездесуге Меркі аудандық прокуратурасының аға прокуроры Е.Бибосынов қатысты. Бұл жиын пробация есебіндегі жастарға психологиялық кеңес беріп, оларға ой салу мәселесін қозғады, сондықтан, олардың жасаған қылмысын қайталамауына септігін тигізетіні сөзсіз.
Сөз соңында айтарым, жастар саясатын жүзеге асырудағы жанды жұмыстардың қайтарымы да мол болмақ. Себебі, ол бағытты ұлт келешегіне салынған инвестиция деп білемін.
Жорабек БАУБЕКОВ,
аудан әкімі, Жастар істері жөніндегі Кеңестің төрағасы