Жастар қауіпсіздігі – басты назарда

0 14

Ауданда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың ал­дын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұйым­дастыруымен кешкі және түнгі мезгіл­дерде рейдтік іс-шаралар өт­кізілді.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігі аппараты, ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысып, бірлескен бақылау жұмыстарын жүр­гізді.

Рейд барысында аудан орталы­ғындағы ойын-сауық орындары, дәм­ханалар, мейрамханалар мен жастар жиі жиналатын басқа да нысандар тексерілді. Нәтижесінде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрген бірнеше жасөспірім анықталып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ең­бегін заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу мақсатында да тексерулер жүргізілді.

Комиссия мүшелері ата-ана­ларға балаларының бос уақытын тиімді ұйым­дастыру мен тәрбиелік жауап­кершілік туралы ескерту жасап, құқықтық кеңес берді.

Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен олардың қауіпсіздігін сақтау бағытында маңызды рөл атқарады. Рейдтік жұ­мыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.