2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына орай, ауданымызда жас буын мен кәсіпкерлердің еркін пікір алмасуына арналған тағылымды кездесу өтті. Кәсіпке қызығушылық танытқан жастар мен өз ісінің мамандары осы алаңда бас қосып, тәжірибе мен табыстың тетіктері жайлы ашық әңгімелесті. Шара аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбектің қатысуымен өтті. Кездесу аясында кәсіпкерлер ұйымдастырған шағын көрме көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда ұлттық қолөнер бұйымдары, шоколадпен қапталған құлпынай, тігін және дәнекерлеу жұмыстары, саңырауқұлақ өсіру мен тағам өндірісіне қатысты өнімдер көпшілік назарына ұсынылды. Бұл – тек кәсіпкерлік көрме емес, еңбекпен келген жетістік пен табыстың көрінісі іспетті болды.
Кәсіпкерлер жастарға өз кәсібін бастау жолындағы алғашқы қадамдар, кездесетін қиындықтар мен оларды еңсеру тәсілдері туралы кеңінен баяндап берді. Әрбір баяндамадан табысқа жетудің формуласы ретінде адал еңбек, табандылық пен тұрақтылық байқалды. Тіпті, кейбір жастар осы кездесуден кейін нақты кәсіби бағыт алып, өз армандарын жүзеге асыруға нақты қадам жасауды ойға алды.
Кездесу еркін форматта өтті. Жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, кәсіп иелерімен ашық пікір алмасты. Шарада шабыт алған кейбір қатысушылар алдағы уақытта өз кәсібін ашуға ниетті екенін жасырмады. Бұл басқосу – жай ғана кездесу емес, болашаққа бағдар берген тәжірибе алаңы болды.
Шара соңында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек:
– Еңбекке ерте баулу – табысты болашақтың кепілі. Жастардың кәсіби әлеуетін арттыруда мұндай кездесулердің берері мол. Бұл – тек кәсіпкерлікке бастар жол емес, сонымен қатар, өз ісіңе сеніп, еңбек
Осындай тағылымды кездесулер жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, еңбекке бейімделуге және отандық кәсіпкерліктің дамуына үлес қосуға ықпал ететіні сөзсіз.