Құжатта мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік айқындалып, құқықтық мәдениетті нығайтуға басымдық берілген. Конституция жобасы ұлттық бірлікті сақтауға, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік идеологияның өзегін айқындайды. Сонымен қатар, білім беру, ғылым және мәдениет салалары ел дамуының басты басымдықтары ретінде белгіленген. Бұл бағыттар жастардың отансүйгіштік рухын күшейтіп, тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Жаңа Конституция – ұлттық идеяны нақты мазмұнмен толықтыратын, азаматтардың ел тағдырына ортақ жауапкершілігін арттыратын құжат.
Насыр Махмутов.