Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік бағытындағы саясатын іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың маңызы жоғары.
Үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай жасау және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру маңызды.
Осы орайда, бүгін аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен жиын өтті.
Онда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов үкіметтік емес ұйым басшыларымен ҮЕҰ-дың жұмысын жетілдіру бағытында ой бөлісіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сонымен қатар жыл сайын 31-наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына әр ұйым өзінің қызметі туралы мәліметті infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсынуы тиіс екендігі туралы түсіндірді.