Ұрпақ тәрбиесі–ұлт болашағы

0 22

1-маусым – Балаларды қорғау күні – әрбір бүлдіршіннің шат күлкісі мен жарқын болашағына деген қамқорлықтың символы. Осы атаулы күнге орай Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде тәрбиелік мәні зор шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараны еңбек нұсқаушысы Құдайберген Саадат өткізді.

Шараға ауданның ақ жаулықты аналары мен оқушылары арнайы қонақ ре­тінде шақырылды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, жастарға ұлттық тәрбие мен қолөнердің маңызын жеткізу болды.

Шара барысында Базаркүл апа Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жылы «Сәби болғым келеді» атты әсем әнін шеберлікпен орындап, жиынға ерекше көркемдік рең берді. Апаның әсерлі орындауы қатысушылардың көңілін тол­қытып, зор ықыласпен қабылданды.

Шеберлік сағатында балалар мен апа­лар бірігіп қолөнер бұйымдарын жасап, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Құдайберген Саадат қатысушыларға еңбектің маңызын түсіндіріп, әр істің шын ниетпен жасалуы керектігін атап өтті.

Кездесу соңында барлық қатысу­шылар естелік суреттерге түсіп, белсенді қатысушыларға алғыс айтып, сый-сия­паттар табыстады.

Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұр­пақтың бойына еңбекқорлықты, үл­кенге құрмет пен ұлттық рухты дарытуда маңызды рөл атқарады.