Жақында А.Асқаров атындағы орталық стадионда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен, 20-наурыз «Ұлттық спорт күніне» орай, «Ұлттық ойын ұрпақты шыңдайды» атты аула ойындарынан спорттық фестиваль өткізілді.
Аудандық фестиваль жарысының ашылу салтанатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жұманазаров Нұрбек Рысбекұлы мен Асанбай Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Боранқұлова Әсем Әділбайқызы жастарымызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарыста «А.Асқаров», «Сарымолдаев», «Жамбыл», «Ақтоған», «Жаңатоған», «Андас батыр» командалары бақ сынасып, «Жамбыл» командасы І орын, «А.Асқаров» командасы ІІ орын, ал, «Ақтоған» командасы ІІІ орынды иеленді. Жастарды ынталандыру мақсатында «Сарымолдаев», «Жаңатоған», «Андас батыр» командаларына Алғыс хаттар табысталды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.