Ақтық сында Ойтал және Жаңатоған ауылдық округтерінің командалары бақ сынап, тартысты өткен ойында ойталдық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал үшінші орын үшін өткен ойында Ақарал және Екпінді ауылдарының командалары өнер көрсетіп, ақаралдықтар жүлделі орынды жеңіп алды.
Финалдық турнирдің іс-шарасына қатысқан аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтады. Сондай-ақ жақында ғана спорт шебері атанған Ойтал командасының ойыншысы Әрсен Әділбекті Алғысхатпен марапаттады.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубок, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар:
— Ойтал командасының ойыншысы Дәурен Мырзабаев – волейболдан Меркі ауданы чемпионатының «Үздік ойыншысы»;
— Жаңатоған командасының ойыншысы Жандос Омаралиев – «Үздік үйлестіруші»;
— Ақарал командасының ойыншысы Нұрлан Мұхамед – «Үздік шабуылшы»;
— Екпінді командасының ойыншысы Махсұт Иманжан – «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталды.
Айта кетейік, волейболдан аудан чемпионаты қаңтар-ақпан айларының сенбі-жексенбі күндері өткізіліп, оған 14 ауылдық округтен 16 команда қатысқан болатын.