Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Сыпатай батыр кесенесінің ахуалын арнайы барып көрді.
Сыпатай батыр кесенесі қабырғасының жекелеген тұстарындағы кірпіштерді қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде тұр.
Бұл жөнінде Ақарал ауылының тұрғындары да аудан әкімінің кездесуінде өтініш білдірген болатын.
Бүгін жауапты мамандармен арнайы барып, кесененің жағдайын жіті назарға алған аудан әкімі заң аясында жөндеу жүргізудің негіздемелерін дайындап, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.
Сыпатай батыр кесенесі 1991 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қалпына келтіріліген еді. 2020 жылы облыс әкімінің қаулысымен жергілікті маңызы бар ескерткіштердің тізіміне енген болса, 2022 жылы кесененің күмбезі су өтуіне байланысты қалпына келтірілген болатын.