Ауданымыздың одан әрі көркейіп, жылдан жылға жеткен жаңа жетістіктермен құлпыра түсуі әрқайсымызды қуантады.
Осы ретте, халықтың игілігіне пайдалану мақсатында өзіндік үн қосқан «QASAQGAS AIMAG» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Миятбек Мұқағали Сәкенұлы басқаратын Меркі газ шаруашылығы жарамсыз күйге түскен жолаушылар көлігі аялдамасын мекеме қаражаты есебінен қайта салып берді.
«Газшылар аялдамасы» деген атау иеленген әсем нысан Тәуелсіздік күні, сонымен қатар, аталған АҚ-ның 25 жылдығына орай бой көтерді. Аялдама жолаушылар үшін ыңғайлы болып, оның барлық заң талаптарына сай келуі аудандық атқарушы органдармен толықтай келісілген. Аялдама Меркі ауылдық округінің Сарымолдаев көшесінің тау шатқалы бағытына баратын жол бойында орналасқан.
Ауданымыздың сән-келбеті келісіп, әлеуметтік инфрақұрылымдардың жақсара түсуі мен жас ұрпақтың санасына игілікті істердің жарқын көрінісін сіңіруді мақсат еткен осынау ұлағатты іске ауданымыздағы газ мекемесі саласының кызметкерлері атсалысты. Оны өңірге деген қолдау мен қоғам алдындағы жанашырлық деп түсінгеніміз абзал.
Аталған іске ұйытқы болып, азаматтық ұстаным танытқан мекеме басшысы Миятбек Мұқағали Сәкенұлы мен көпшіліктің көзайымы болып үлгерген осы жұмысты тиянақты атқарған дәнекерлеуші – Дауытбаев Дархан Оразханұлы, жер асты, жер үсті газ құбырының жөндеу кызыметкері – Наушабаев Ғалым Элбурысұлы, 104 апаттық кызыметінің слесарь-жұмысшысы – Төребаев Еркебұлан Дарьябайұлы және т.б. мекеме жұмысшыларына аудан тұрғындары, оның ішінде, газет оқырмандары атынан алғыс айтамыз.