«Таңшолпан» жұлдыздары өнер көрсетті

0 22

Жақында «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында жыл сайынғы дәстүр бойынша өнерлі балапандардың өнерін сарапқа  салатын үлкен іс-шара болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: бүлдіршіндердің өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, сахналық мәдениетке тәрбиелеу, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Бөбекжай-бақшаның акт залы тақырыпқа сай, мерекедегідей безендірілген.

Ортаға  іс-шараны жүргізуші, тәрбиеші Қарлығаш Тынышбаева шығып, сазды музыка әуенімен бүгінгі шараның барысымен таныстырды.

Билер-билер! Үш әлемде, Үш көгімде, күллі әлем!

Көктем келсе, гүл боп елге Мен де бірге түрленем,– деген әдемі өлең жолдарынан соң «Жұлдыз» тобының қыздары «Гүлдер» биін, ал, қыздардан кейін осы топтың ұлдары «Асық» биін биледі.

Мың бұралған бишілердің ұлттық киімдері ерекше сәнмен тігілген, көркем ою-өрнекпен сәнделген ұлттық киімдері сахнаның көркін ашып, келесі кезектегі «Алтын сақа» тобы ұлдарының «Флешмоб» биі бүгінгі керемет концерттің көркін қыздыра түсті.

Ересек жас «Бүлдірген» тобының «Көгершін биі» , «Жауқазын»  тобының «Алтын балық» биі «Құлпынай» тобының «Қуыршақ» биі, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Кәдімгі тауыстың қанатын кеңге жайып жібергендей, жарқ-жұрқ етіп, ортаға шыққан «Құлпынай» тобының сұлу қыздарының «Тауыс» биі де ерекше шықты. Бүлдіршіндердің эстетикалық талаптарға сай болуы, би билеу, ән орындау шеберлігі, кәдімгі өнер, эстрада жұлдыздары сияқты әсер қалдырды.

Мектепалды «Түймедақ» тобының «Көңілді қыздар» биі де ойдағыдай шыққан десек артық айтпағанымыз. Әсіресе, «Қарақат» тобының  «Кішкентай стюардессалар» биі аэропортты, ұшақтарды, қолдарында жол чемодандары бар стюардессаларды елестетті. Киімдері бірдей, қимылдары ширақ, бірінен-бірі өткен балғын бишілерді дайындаған тәрбиешілердің еңбегі, ойлап табулары, фантазиялары ерекше екендігі бірден көрініп-ақ тұрды.

Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын.

Гүлдерімнен жаралған,

Әндерім бар, бал шырын, – дегене әдемі өлең жолдарынан соң ортаға «Бәйтерек» тобының әншісі Айзере Алимбайдың  «Ризамын тәрбиеші апайға» деген әніне кезек берілді. Музыкадан қалыспай, жанды дауыспен шырқалған әнге шын мәнінде көпшілікті таңқалдырмай қоймады.

Келесі кезекте, «Бәйтерек»  тобының тәрбиешісі Әлімбай Айзере Мұқағали Мақатаевтың  «Шеше сен бақыттысың» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп, өте жоғары деңгейде оқып шықты.

«Бүлдірген»  квинтетінің орындауындағы «Әжетайым»,  «Жауқазын» тобының «Тәрбиеші апайға», «Құлпынай» тобының «Қуыршағым», «Қарақат» тобының «Жақсы көрем әжемді» сынды әндері жүректен-жүрекке жеткізе орындалған әндер болды.

«Түймедақ» тобының «Бақыт деген»  әнімен «Таңшолпан жұлдызы – 2024»  өнер байқауы өз мәресіне жетті.

Жеңіске жеткен барлық балғын өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Соңынан естелікке суретке түсіп, балапандар мәз-мейрам болып тарасты. Ата-аналар да дән ризашылықтарын білдіріп, тәрбиешілердің еңбектеріне жеміс тіледі