Қыш-гипс бұйымдар жасау орталығын ашты

0 27

Қазіргі уақытта ел экономикасының негізі тірегі – бұл кәсіпкерлік.

Ал кәсіпкерлік тек пайда табу мақсатында емес, сондай-ақ, ол қоғамға пайдасын тигізетін кәсіпкерлік болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Осы орайда, Жамбыл ауылында жас кәсіпкер Саадат Құдайберген балалардың шығармашылық потенциалын дамыту мақсатында «Арт Крафт Мерке» қыш-гипс бұйымдар жасау орталығын ашты.

Салтанатты ашылу шарасына округ әкімі Ербол Байболсынов пен аудандық мәслихат депутаты Ерлан Қалысбаев және ауыл тұрғындары қатысып, жас кәсіпкердің жаңа ісіне сәттілік тіледі.

Орталықта саз балшықтан және гипстан әртүрлі бұйымдар мен туындылар жасалады. Жас шебер Саадат Құдайберген құмыра жасау барысымен таныстырып, балаларға бұйымдар жасау жолдарын көрсетті. Саадаттың айтуынша, бұл балаларды қолөнерге баулиды, сондай-ақ денсаулыққа да пайдасы көп екен.

«Балаларға сазбен жұмыс істеген тек қызықты емес, сонымен қатар бұл өте пайдалы. Балалардың қолы мен саусақтарының моторикасын дамытады. Гипспен жасалған өнім – декорлардың ең қауіпсіз түрі болып саналады. Гипс пен саз күймейтін материал, ауаға зиянын келтірмейтін, алергиялық реакция бермейтін тәбиғи өнім», – дейді Саадат.