Жуырда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырып, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Қ.Жандарбеков атындағы №1 балалар өнер мектебінде Ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Қазақтың келіндері-ай!» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді. Байқаудың тұсаукесерін аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлы ашып беріп, жас келіндерге сәттілік тіледі.
Аталған келіндер бәйгесіне Балжан Төребекова, Гүлнар Нұрғалиева, Әлен Лаура, Жібек Ибрагимова, Назира Асубай, Айжан Сәдібекова, Аружан Құрамай, Ақерке Тұрысбай, Дария Өтепбергенова, Гүлнұр Құрамаева және Ақбота Тәттібек атты аудан келіндері қатысты.
Олар «Тегін білу тектілік» атты таныстыру, «Өнер сайысы» өнер көрсету, «Сыр-сандық» сұрақ-жауап айдары, «Үй тапсырмасы» өзі ойлап тапқан тағамды дайындау кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Байқау соңында әділқазылар алқасы өз пікірлерімен бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салған соң, жас келіндерге алғыстарын айтып, жеңімпаздарды атап өтті.
Оның нәтижесінде, Жібек Ибрагимова – І орынды, Назира Асубай – ІІ орын, Гүлнұр Құрамаева – ІІІ орынды иеленді.
«Инабатты келін» номинациясымен Әлен Лаура, «Іскер келін» номинациясымен Ақерке Тұрысбай, «Алтын құрсақ» номинациясымен Гүлнұр Нұрғалиева, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Айжан Сәдібек, «Өнерлі келін» номинациясымен Аружан Құрамай, «Ұлтжанды келін» номинациясымен Ақбота Тәттібек, «Аспаз келін» номинациясымен Дария Өтепбергенова, «Еңбеккер келін» номинациясымен Балжан Төребекова марапатталды.
Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.