Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады

0 30

Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы жарлыққа Президент 2022 жылғы маусым айында қол қойған болатын.

Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші лауазымын жою жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Президенттің сөзінше, қолданыстағы Парламент қызметін қамтамасыз етіп отырған аппараттық құрылымдардың бір бөлігі, сондай-ақ мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылмақ.

Еске салайық, Мемлекеттік кеңесшінің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы жарлыққа Президент 2022 жылғы маусым айында қол қойған болатын.

turaninfo.kz