Қазақ әдебиетінің қос жұлдызы

0 21

Жуырда №9 Меркі колледжінде облыстық «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында, биыл жыл таңдауына ұсынылған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, сөз зергерлері – Тәкен Әлімқұлов пен ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылық мұраларын насихаттау мақсатында «Қазақ әдебиетінің қос жұлдызы» атты әдеби калейдоскоп өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан кітапханашылар, «Руханият» тобының мүшелері – Роза Айтаева (Т.Рысқұлов ауылдық кітапханасы), Бақыткүл Бықыбаева, Рита Айтжанова (Ойтал ауылдық кітапханасы), Гүлзира Беркімбаева (Ақтоған ауылдық кітапханасы), Гүлнар Омашева (Тұр­лыбай батыр ауылдық кітапханасы), Анар Ибраева (Гранитогор ауылдық кітапханасы) және Надира Ерназарова (Талдыбұлақ ауылдық кітапханасы) өз оқырмандарымен біріге осы іс-шараны қолға алып, оның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.

Аталған кешті өнер адамдары – Гүлнұр Құрамаева мен Аманқос Амантай жүргізді. Көпшіліктің көңілінен шыққан кеш барысында Шолпан Орманқұлова мен жоғарыда аталған кешті жүргізушілер көрермендерге әсем әндерімен керемет көңіл-күй сыйлай білді. Сонымен қатар, кітапханашылардың қатысуымен Тәкен Әлімқұловтың ұлт батыры Махамбет Өтемісұлы туралы жазылған «Қараой» әңгімесінен сахналық көрініс көрсетілді.

Ал, әр ауылдық кітапханалардан келген оқырмандар ақындардың жырларынан шашу шашып, кештің тамаша күйде өтуіне өзіндік үлестерін қосты. Бұл ауылдық кітапханашылардың оқырмандармен тығыз әдеби-шығармашылық байланыста екенін дәлелдейді.

Кеш соңында сөз алған Меркі аудандық орталықтандырылған кітап­ханалар жүйесі директорының орын­­басары Айман Бүркітбаева қаты­сушыларға естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.