Отбасы–бақыт мекені

0 27

Жуырда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-психологі, осы жолдардың авторы Темірбай Аружан Біржанқызының ұйымдастыруымен отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен аудандық зияткерлік ойыны өткізілді.

Отбасы – шағын мемлекет. Осы тұрғыда, әсіресе, жас отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын нығайту мәселелері алға қойылған аталған іс-шара орталық кітапханада «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыппен жас отбасылар арасында өтті.

Шара барысында Меркі ауылдық округі Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ләззат Исаева сөз сөйлеп, ойын шымылдығын ашты.

Ойынға ауданымыздан 4 жас отбасы қатысып (Ойтал, Жамбыл, Кеңес және Жаңатоған ауылдық округтері) бақ сынасты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде 1-орынды Ойтал ауылдық округінен келген Раймахановтар отбасы, 2-орынды Кеңес ауылдық округінің үкілеген үміттері Әшірбековтар отбасы иеленсе, 3-орынға Жамбыл ауылдық округінен келген Еңсебековтар отбасы және Әліш отбасылары лайықты деп табылды.