Отан қорғаушылар: елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шынары

0 24

Өткен аптада аудандық Мәдениет үйінде 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған кеш болып өтті.

Кешке аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Көкірекбаев Мұратбек Болысбекұлы, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Шағатаева Күлайым Жексембіқызы, сонымен қатар, әскерилер мен ауданымыздың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мемлекеттік Ту кіргізілген соң, 7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Сөз алған аудан әкімі Жорабек Баубеков жиынға қатысушы Отан қорғаушылар мен көпшілікті еліміздің барлық ұрпақ буын­дарын біріктіретін бірден-бір мереке – Отан қорғаушылар күнімен қызу құттықтап, ел тыныштығын қорғау жолында ерен еңбектерімен танылып жүрген бірқатар сардарлар мен сарбаздарға «Мінсіз қызметі үшін» және т.б. төсбелгілер табыстап, жауынгерлерді Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттау рәсімін өткізді.

Келесі кезекте, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Күлайым Шағатаева әскери қызметте же­тістік­терге жеткен бірнеше сарбазға пар­тияның Құрмет грамотасын тапсырған соң, көпшілікке аудандық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағ­дарламасы ұсынылды.