Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштеріне жіті назар аударды.
Аймақ басшысы ауданға қатысты әлеуметтік желілерде көтеріліп жүрген көптеген мәселелерді атап өтіп, оларды шешу бойынша тиісті басқармаларға, аудан әкімі мен оның орынбасарларына, бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Атап айтсақ, меркіліктер «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыру барысында әлі күнге дейін қағазбастылыққа тап болатынын айтып, облыс әкімінен көмек сұрады.
Сондай-ақ тұрғындар аспалы көпір және су қоймасын салу, халықтың әлеуметтік осал топтарына лайықты көңіл бөлу, жедел жәрдем, кәріз жүйесі мен мал ұрлығына қатысты мәселелерді көтерді.
Ербол Қарашөкеев барлық сұрақтарға жауап беріп, әр мәселе шешімі бойынша ұсыныс беру үшін аудан басшылығына нақты мерзім бекітті.
Кездесу соңында аймақ басшысы бірқатар тұрғындарды жеке қабылдады.
Сондай-ақ облыс әкімі жергілікті аға буын-ардагерлер және жастармен кездесіп, ой бөлісті.