Референдумға отбасымен келіп дауыс беріп жатқандар бар.
Қостоған ауылының тұрғыны, ауданға белгілі меценат Сауытбек Ешетов референдумға отбасымен бірге келіп, ел болашағы үшін таңдау жасады.
Ешетовтер отбасы аталған ауылдағы №293 референдум учаскесінде дауыс берді.
Бұл референдум учаскесінде 1262 дауыс беруші бар.
Айта кетейік, «Ешетовтер» отбасы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде 1-орынды жеңіп алған болатын.