“Мерейлі отбасы-әділетті қоғам” акциясы өтті

0 34

“Мерейлі отбасы-әділетті қоғам” акциясы аясында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мамандары емханаға келуші тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты — ерте жүктілік, ажырасу және суицидтің алдын алу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Кездесуге “Ұшқын” жастар денсаулығы орталығына келуші жасөспірімдер, жүкті әйелдер, емханаға келушілер қамтылып, бала тәрбиесі мен денсаулығына байланысты маңызды мәселелер қозғалды. Шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психолог мамандары қатысушыларға кәсіби кеңестер беріп, ашық, сұхбат жүргізді.

Жиын соңында ақпараттық бүктемелер таратылды.

Акцияның өту уақыты 30 маусым мен 30 шілде аралығы.