Мерейлі отбасы – әділетті қоғам

0 7

Ағымдағы жылдың 30-маусымы мен 30-шіл­десі аралығында облыс көлемінде «Мерейлі от­басы – әділетті қоғам» атты ақпараттық-ағарту­шылық айлық акциясы бастау алды.

Акцияның негізгі мақ­саты:

– Отбасылық құнды­лық­тарды нығайту – ұлттық тәрбиенің не­гізі болып саналатын отбасының рөлін арттыру, берік отбасылық байланыс қалыптастыру арқылы қоғамдағы тұрақтылыққа үлес қосу;

– Әлеуметтік проблемалардың алдын алу – ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы суицид, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік мәселелердің себептерін түсіндіру, олардың алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру;

– Құқықтық сауаттылықты арттыру – халық арасында құқықтық мәдениетті көтеру, отбасы және балалардың құқықтарын қорғау, қажетті құқықтық көмек көрсету.

– Психологиялық қолдау көрсету – өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға моральдық-психологиялық көмек беру, күйзеліске қарсы тұруға дағдыландыру.

– Жастармен және ата-аналармен жұмыс – жасөспірімдерге отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіру, ата-аналармен тығыз байланыста тәрбиелік жұмыстар жүргізу.

– Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттестігін күшейту – отбасымен жұмыс істейтін барлық мүдделі мекемелер мен ұйымдардың бірлескен кешенді жұмысын үйлестіру.

Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары ауданымыздағы «Отбасын қолдау орталығының» директоры Зетқұлов Қуат Есболатұлы және орталық мамандары арқылы жүргізілуде.

Тұрғындармен кездесу барысында мамандар отбасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен бала арасындағы сенім, жастар тәрбиесі, психологиялық қолдау және құқықтық көмек көрсету жайында кеңінен түсініктеме беріп, қажетті материалдар таратты.

Мұндай игі шаралар отбасылық құндылықтарды наси­хаттап, салауатты қоғам құруға септігін тигізері сөзсіз.

Аудандық «Отбасын қолдау орталығы»