Мектеп оқушылары шекара бөліміне саяхат жасады

0 24

Ел болашағы жастар болғандықтан, оларды патриоттық сезімде тәрбиелеу маңызды.

Осы орайда, «Әскери бөлімге бару: жастарды отансүйгіштікке, ағартушылыққа баулу» тақырыбында Меркі ауданы бойынша Шекара басқармасының “Сыпатай батыр” (автомобильдік) шекаралық бақылау бөліміне саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты – мектеп оқушыларын әскери өмірмен таныстыру және патриоттық ұйымдардың жұмысымен көбірек таныстыру болатын.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары сарбаздардың күнделікті өмірінің барлық аспектілерін өз көздерімен көріп, жақыннан танысты.
Бұл іс-шара жастарға үлкен әсер етіп, қызмет пен әскери борыштың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Әскери бөлімге бару жастардың бойында патриоттық сезімдерін шыңдап, жаңа білім мен тәжірибе алуына зор ықпал етеді деген сенім мол.