Қазақстан – әр түрлі ұлттар мен мәдениеттердің үйлесімді өмір сүретін елі. Біздің күшіміз – бірлік пен өзара түсіністікте. Ассамблея халқы Қазақстан этностар арасындағы диалогты дамытып, бейбітшілікті сақтауға үлес қосады.
Этномедиация – келіспеушіліктерді шешудің тиімді жолы. Мысалы, бір ауладағы егде әжей мен жастар арасындағы түсініспеушілік осы әдістің арқасында шешілді. Жастар әжейді «Сигма!», «Топ әже!» деп мақтады, бірақ ол бұл сөздерді түсінбей, ренжіді. Медиатор екі тарапқа бір-бірінің ниетін түсіндіріп, ортақ тіл табуға көмектесті. Нәтижесінде, олар бірлескен іс-шара ұйымдастырып, достық қарым-қатынас орнатты.
Біздің міндетіміз – бейбітшілікті сақтау, бір-бірімізге құрметпен қарау және қуанышымызды бөлісу. Қазақстанның болашағы – осы бірлік пен мейірімділікте. Біздің әралуандылығымыз – байлығымыз, ал бірлігіміз – күшіміз!
Айнагүл Барменкулова