Мейірімділік – бейбітшіліктің кілті

0 10

Қазақстан – түрлі ұлттар мен мәдениеттердің үйлесімді өмір сүретін елі. Біздің күшіміз – бірлік пен өзара түсіністікте. Ассамблея халқы Қазақстан этностар арасындағы диалогты дамытып, бейбітшілікті сақтауға үлес қосады.
Этномедиация келіспеушіліктерді шешуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, бір аулада егде әжей мен жастар арасында түсініспеушілік туындады. Жастар әжейді «Топ әже!», «Сигма!» деп мақтады, бірақ ол бұл сөздерді түсінбей, ренжіді. Медиатор екі тарапқа бір-бірінің ниетін түсіндіріп, ортақ тіл табуға көмектесті. Нәтижесінде, олар бірлескен мәдени іс-шара ұйымдастырып, достық қарым-қатынас орнатты.
Бейбітшілік пен келісімді сақтау – бәріміздің міндетіміз. Бір-бірімізге құрметпен қарап, қуанышымызды бөлісу – Қазақстанның болашағын нығайтады. Біздің әралуандылығымыз – байлығымыз, ал бірлігіміз – күшіміз!

Серік