Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілді

0 21

Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Осы орайда, аудандық Мәдениет үйінде 21-мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен салтанатты түрде кеш ашылған соң, 2023 жылы ауданымыздың мә­дениет саласында атқарылған жұмыстар бойынша арнайы дайындалған бейнебаян көрсетілді.
Аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен қызметкерлерге ыстық лебізін білдіріп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тұрар Досеке және «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы Күлайым Шағатаева тағы бірнеше сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, «Өнер» мектебінің ұжымы, «Ұлытау» әншілер тобы мәдениет қызметкерлеріне арнап әндерін шырқаса, «Үміт» сарайының «Рухты ару» бишілер тобы мен «Наз қоңыр» домбырашылар ансамблі өз өнерлерін көрсетті.