Мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді

0 31

Мәдениет және өнер қызмет­кер­лерінің кәсіби мерекесіне орай Меркі аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Өз сөзінде аудан басшысы мәдениет қызметкерлерінің ел руханиятын сақтап, дамытудағы маңызды рөліне тоқталып, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарына құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

Ең алдымен, «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енген Ойтал ауылының ардагер ұстазы, «Күміс алқа» иегері Шакизат Бегімқұловаға арнайы энциклопедия мен куәлік табысталды.
Мәдениет саласында көпжылдық қыз­мет атқарған, қоғамдық өмірге белсене араласқан азаматтар қатарынан «Естелік» ардагерлер хорының жетекшісі Ольга Кисельман мен «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің аккомпаниаторы Бейбіт Шошабаев «Меркі ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мәдениет саласының ардагері Доқтыркүл Сырлыбаеваға, аудандық тарихи-өлкетану музейінің кассирі Саракүл Нұрмановаға, аудандық кітапханалар жүйе­сінің кітапханашысы Жамила Жұмалиеваға және «Меркі әуендері» ансамблінің аккомпа­ниаторы Мадияр Шалабаевқа табысталды.

Ал, аудан әкімінің Алғыс хатымен зейнеткер Нұркүл Нүсіпова, «Бейнекомо­биль» автокөлігінің жүргізушісі Абузар Исмаилов, ансамбль аккомпаниаторы Мәдина Оспаналиева, аудандық аурухана кітапханасының қызметкері Лаура Көпбаева және Ақтоған ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Нұрдәулет Исатаев марапатталды.

Сала мамандарына көрсетілген бұл құрмет – олардың рухани даму жолындағы табанды еңбегінің жемісі. Өнер мен білімге адалдық танытқан жандардың қызметі ел есінде әрдайым жоғары бағаланып келеді. Мәдениет – ұлттың рухани өзегі болса, оны дамыту жолындағы еңбек иелері – елдің нағыз жанашырлары.

Жиын барысында «AMANAT» пар­тиясының аудандық филиалының төра­ғасы Күлайым Шағатаева да бір­қатар мәдениет қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағ­дарламасымен жалғасын тапты.