25-қазан – Республика күніне орай, №34 жалпы орта білім беретін мектепте «Қыран елім – Қазақстаным» атты жастар арасында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың ашылуында мектеп директоры Қ. Боржықов сөз сөйлеп, қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Шара барысында жас суретшілер өз қиялдары мен еңбектерін паш етіп, Тәуелсіз еліміздің тарихын, болашағын және ұлттық құндылықтарын өз туындылары арқылы бейнеледі.
Байқауға оқушылар: Дарьябай Әдемі, Ержан Аружан, Жүнісжан Мадияр, Әлімқұл Нұрайым, Тілеуба Жалғас, Дарьябай Айзере және Алдаберген Дамир белсене қатысты.
Нәтижесінде 3-орынды – Дарьябай Әдемі, 2-орынды – Ержан Аружан, 1-орынды – Жүнісжан Мадияр иеленді.
Сонымен қатар, Әлімқұл Нұрайым, Тілеуба Жалғас, Дарьябай Айзере және Алдаберген Дамир белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеді.