Жуырда №9 Меркі колледжінде 14-наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесіне орай кең ауқымдағы іс-шара өткізілді.Іс-шараны колледж кітапханашысы Р.Анафияева, Сарымолдаев ауылдық округінің клуб меңгерушісі Ж.Арынова және ауылдық округтегі үйірме жетекшісі А.Телтаевалар бірлесе ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Сарымолдаев ауылдық округінің тұрғындары мен колледж білімгерлері көптеп қатысты.
Кеш Манат Смайылқызы бастаған ауылдық округтің ақ жаулықты аналарының жарапазан айтып келуімен бастау алып, оларды ұжым мүшелері қуанышпен қарсы алды. Сарымолдаев ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө.Алтыбаев көпшілікке бата берсе, колледж директоры Ғ.Мамырбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жылысбаев пен ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Еңсебеков құттықтау сөз сөйледі. Колледжіміздің «Замандастар» әжелер тобы ұмыт қалған салт-дәстүрлерден көрініс қойып, бейнеслайдтар көрсетті. Ал, округтегі әз-аналар – Манат Смайылқызы, Рая Әбуқызы және Ақбөпе Сәрсенқызы білімгерлерге қазақы ырым-тыйымдар турасында мағлұматтар берді.
Мерекелік кеш соңында ұжым мүшелері ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетсе, А.Телтаева тәлім-тәрбиені арқау ететін терме орындады.