Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды әділ әрі ашық етуге бағытталған маңызды қадам
Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды әділ әрі ашық етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер билік тармақтарының теңгерімін күшейтіп, Парламент пен мәслихаттардың рөлін арттыру арқылы халықтың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Реформа аясында адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, Конституциялық Соттың құрылуы – азаматтардың заң алдындағы қорғалу деңгейін арттыратын тарихи шешім болды. Сонымен қатар, Президент өкілеттіктерінің бір бөлігінің Парламентке берілуі – елдегі демократиялық үрдістердің нығая түскенін көрсетеді.
Насыр Махмутов