Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация – мемлекеттің болашағының басты тірегі

0 9

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам деп бағалауға болады. Ең басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекіту. Бұл қоғамдағы әділеттілік пен теңдікті нығайтуға, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация мемлекеттің болашағының басты тірегі ретінде айқындалды. Бұл Қазақстанның табиғи ресурстарға ғана емес, адами капиталға сүйенетінін көрсетеді.
Жаңа редакцияда цифрлық құқықтарды қорғау нормасының енгізілуі заман талабына сай шешім болды. Азаматтардың құқықтарын онлайн ортада қорғау – цифрландыру дәуірінде аса маңызды.
Парламенттің орнына Құрылтайдың құрылуы, Халық Кеңесінің енгізілуі және Вице-президент институтының пайда болуы – саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған жаңа қадамдар.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция – Қазақстанның демократиялық дамуы мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған, болашаққа сенімді көзқарасты білдіретін құжат.

Клара Рақаева