Еліміздің аграрлық саласын дамыту – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі. Осы орайда, өңірлік шаруалар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті.
Бұл ретте, аудан басшылығы шаруаларға қолдау көрсету шараларын жалғастыруда.
Бүгін ауданда өңірдегі ауылшаруашылығы қызметтерін көрсететін мамандарды жұмылдыра отырып, шаруалармен кезекті семинар өткізілді.
Аудан әкімі Жорабек Баубеков семинар қатысушыларын арнайы құттықтап, ауданның ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен шаруаларға көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында айтты. Аудан әкімі өткен жылы Меркіде ауылшаруашылығы саласы бойынша 50,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілгенін жеткізді.
«Көктемгі дала жұмыстарына дайындық және қант өндірісін дамыту» тақырыбында өткен семинарда шаруаларға қант қызылшасын өсіру мен жинауға арналған техникалар, жаңбырлатып, тамшылатып суару технологиялары, минералды тыңайтқыштарды қолдану туралы түсіндіріліп, мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар жайында айтылды.
Сондай-ақ вегетация кезеңінде су беру, егістік алқаптарға ұңғыма қазу, ауылшаруашылығы техникаларын лизинг бағдарламасымен алу, несиелендіру жөнінде мамандар тарапынан нұсқаулықтар берілді.
Алдыңғы жазба