Халыққа қарайласу – басты міндет

0 33

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жұмысшы топ мүшелерімен бірігіп, аудан аумағында орналасқан азық-түлік дүкендеріндегі бағаларды зерделеп, негізсіз жоғарылатпау бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келгені белгілі.

Алайда, өткен жылдың 11-мамырында Сауда және интеграция министрінің №166 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген дүкен иелеріне ескерту жасап, айыппұл салу ісімен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті айналысатын болды.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны көтеру фактісі бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін саll-орталығы жұмыс істейді. Сондықтан, егер сіз үй маңындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да ұйымдастырылған сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жоғары бағаларына тап болсаңыз, бұл туралы 54-29-92, 53-20-53 телефон нөміріне хабарлассаңыз болады.

Өткен жұма күні аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері – Нұрбек Жұманазаров, Рамазан Азизов және осы жолдардың авторы Әлихан Нұралиев пен аудандық «MERKI ERIKTILERI» волонтерлар қозғалысының мүшелері бірқатар сауда нүктелерінде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бақылау жұмыстарын жүргізді.

Ауданымыздағы «Корзинка», «Қуаныш», «Оптовка», «Болашақ» және «Арзан» сауда орталықтарында болған олар кәсіп иелеріне Сауда және интеграция министрлігінің – дүкен сөресінде тауар бағасының жоқтығы мен сөреде және кассада тауардың әртүрлі бағасын анықтаған жағдайда, тауар бағасының теңгемен емес, басқа валютамен көрсетілуі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 193-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салатыны көзделгенін түсіндіріп, арнайы жадынама таратты.

Сонымен қатар, аталған топ мү­шелері кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішін­де қайта жасалғаны үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 65, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 120, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделгенін де айтып, заң щеңберінде жұмыс жасауға шақырды.