Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту – заман талабы

0 24

Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің басты тұлғасы – білім алушы субъект, ал, ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру саласында функционалдық сауаттылықты қалып­тастыру мәселесін негізге алудың өзектілігі артып отыр.

Осы орайда, педагог мамандардың оқушыларды функционалдық са­уатты­лықтарын көтеруге бағыттау, педагог­тар­дың функционалдық сауаттылықтарын дамыту, жаңаша оқытудың тиімді жол­дарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болуына байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 27-мамыры мен 7-маусымы аралығында Жамбыл облыстық «Өрлеу» орталығының маманы, аға оқытушы Кошкимбаева Жанар Сыйхынбайқызы жалпы орта білім беру ұйымдарында биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Курстың басты мақсаты – биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану са­­уат­­тылығын дамыту, заманауи техно­логияларды қолданып, алған білімдерін өмірде қол­дануды меңгерту болып табылады.
Курс аясында тыңдаушылар биология пәні бойынша білім алушылардың жара­тылыстану сауаттылығын дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын, танымдық дағдыларын дамыту мақсатында баламалы химиялық эксперименттерді пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлай алуды оқып, үйренуде. Курс барысында күнделікті өмірде биологиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесін жасауды меңгертіп, тың­даушыларға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырмалар беру барысында педагогтер әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде.

Сондай-ақ, курста ұстаздар заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып тиімді сабақ жоспарларын жасап, таныстырып отырды. Жеке, жұппен, топпен тапсырмалар орындап, жұмыстарын қорғау барысында мұғалімдер өздерінің ізденісі нәтижесінде шеберліктерін, шапшаңдықтарын, бі­ліктілігін көрсете білді. Биология пәнінің мұғалімдері ашық сабақтарда, зерттеу сабақтарында, практикалық жұмыс кезінде қолданатын заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, күнделікті өмірде биологиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесін жа­сауды жақсы меңгеруде.

Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін өмірде қолдана алуына ықпал ету мақсатында көптеген мектептерде шағын бау-бақша отырғызып, ұстаздар мен оқушылар күтіп-баптау, суғару жұмыстарын жүргізуде. Осындай игі істі қолға алған ұстаздар өмірлік тәжірибесін курс барысында өзгелермен бөлісіп, қолдау тауып отыр.

Ұстаздардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту – заман талабы десек, осы орайда, жұмыс жүргізіп отырған біліктілікті арттыру курстарының пайдасы аса зор.

Мәртебелі мамандық иелері – ұстаздар қауымына үйретуден, көр­сетуден еш жалықпайтын Жамбыл облыстық «Өрлеу» орталығының маманы, аға оқытушы Жанар Сыйхынбайқызына алғыс білдіре отырып, қажырлы еңбегі жемісті, мерейі үстем болсын демекпіз.