Тегінде, жастар қауымы қай кезеңде болмасын, қоғамның авангардтық қозғаушы күші, арқа сүйер сенімді тірегі болып табылады. Сондықтан, оларға артылатын жүк те жеңіл емес.
Біздің ауданымызда да жастар көптеген жаңаша идеялы істердің бастаушысы болып, Тәуелсіз еліміздің одан әрі өркендеуі жолында нық басып келеді.
Бүгінгі әңгімеміз Нұрбек Жұманазаров басқаратын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысына байланысты болмақ.
Біздің ауданымыз бойынша жалпы халық саны – 88455. Оның ішінде, 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 25883, бұл дегеніміз – жастар жалпы халық санының 29,2 пайызын құрайды.
Оны да жіктеп көрсетсек, мектеп оқушылары (8-11 сынып аралығы) – 5162, арнаулы орта және ЖОО оқитын білімгерлер – 3033, шет мемлекетте оқитын жастар – 38, әскер қатарындағы жастар – 145, пробация есебіндегі жастар – 31, мүмкіндігі шектеулі жастар – 238, жас кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар) – 850, жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс жасайтын жастар – 432, мемлекеттік қызметтерде жұмыс істейтін жастар – 56, келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын жастар – 581, білім саласында (мектептерде және мектепке дейінгі орындар және колледждер) еңбек ететін жастар – 1156, денсаулық сақтау саласында еңбек жасайтын жастар – 356, құқық қорғау саласында еңбек жасайтын жастар – 85, келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын әскери қызметшілер – 379, шет мемлекетте жұмыс істейтін жастар – 130, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 5846, жұмыссыз жастар – 205, уақытша бос жүрген (NEET) жастар – 97, «Отбасының цифрлық картасында» өзектендірілмеген жастар – 1844, басқа қалада жұмыс істейтіндер 5219 жасты құрап отыр.
2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен Меркі ауданында жастардың жұмысқа орналасу деңгейі бойынша 530 жас жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар – 275, жастар практикасына – 57, алғашқы жұмыс орны бойынша – 36, әлеуметтік жұмыс орындарына – 19 жас жұмысқа орналасып, 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант бойынша – 7 жас алып, ақылы қоғамдық жұмысқа – 136 жас азамат орналасты.
Сонымен қатар, аудандық «Мансап» орталығымен бірлесе 6 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 460 аудан тұрғындары мен жастары қатысып, 190-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде, 62 («Андас тазалық» ЖШС-не – 3 азамат, «Отбасы Банк» АҚ-ға – 4 азамат, «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не – 4 азамат, «Мықан орда» ЖШС-не – 1 азамат, «Өсер» шаруа қожалығына – 2 азамат, «Меркі ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне – 3 азамат, «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Жасыл ел» бағдарламасы аясында – 2 адам, «Меркі қант зауытына» – 11 азамат, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-не – 14 азамат, «Meralko» ЖШС-не – 8 азамат, «Мейірім Меркі сауықтыру орталығына» – 10 азамат) жас әртүрлі мекемелерге тұрақты жұмыс орнына орналасты.
2025 жылға арналған «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмыспен қамтудың индикаторлық көрсеткіші бойынша 100 жасты маусымдық жұмыстарға тарту жоспарланған. 2025 жылдың сәуір және маусым айларында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына барлығы 55 (4 жұмыссыз жас) жас қоғамдық жұмысқа тартылды. Оның нәтижесінде, аудан аумағындағы жалпы көлемі 18655 шаршы метр аумақ тазаланып, 29,1 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта 45 жасты маусымдық жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен жалпы 47 іс-шара өткізіліп, оған 2064 аудан тұрғындары мен жастары қамтылды. Сонымен қатар, қоғамдағы еңбек адамының оң имиджін қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, облыстық «Арай» газетіне 1 мақала, аудандық БАҚ беттеріне 6 мақала жарияланды және облыстық телеарналарда 10 бейнетүсірілім жарық көрді.
Облыс әкімінің бастамасымен биылғы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен жалпы 35 іс-шара өткізіліп, оған 760 жас қамтылды. Атап айтқанда, 5 блиц-сауалнама, 13 жастар акциясы, 2 челленджі, 3 зияткерлік сайыс, 4 кездесу, 1 поэзиялық кеш, 1 кітап оқу байқауы, 2 кітап көрмесі, 2 экскурсия, 1 жас ақындар мүшәйрасы, 1 дөңгелек үстел отырысы өтті. Осы бағыт бойынша аудандық БАҚ беттеріне 1 мақала жарияланды. Облыстық телеарнасына 2 бейнетүсірілім жарияланды.
2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әртүрлі бағытта 744 іс-шара ұйымдастырылып, оған 22406 жас қамтылды. Атап айтқанда, рухани-адамгершілік – 140, әскери-патриоттық – 27, спорттық – 35, мәдени-шығармашылық – 110, құқықтық – 51, діни – 38, психологиялық-танымдық – 57, жастарға кеңес беру –132, экологиялық мәдениет – 108, этносаралық келісім – 24, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу турасында 22 іс-шара өткізілді.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «MERKI ERIKTILERI» волонтерлік қозғалысының 15 бағыты бойынша 2025 жылдың 6 айының қорытындысымен 278 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5 694 ерікті жас қамтылды. Атап айтсақ, «Зооволонтерлік» бағыты бойынша – 3, «Этноволонтерлік» бағыты бойынша – 24, «Білім беру саласы» бағыты бойынша – 1, «Әлеуметтік» бағыты бойынша – 2, «Медициналық» бағыты бойынша – 16, «Азаматтық қоғамды дамыту» бағыты бойынша – 2, «Қарттар мен жалғыз басты адамдармен жұмыс» бағыты бойынша – 28, «Көпшілік кеңістіктерді дамытудағы волонтерлік» бағыты бойынша – 1, «Гуманитарлық әлеуметтік көмек» бағыты бойынша – 26, «Экологиялық» бағыты бойынша – 66, «ТЖ» бағыты бойынша – 20, «Медиа-волонтер» бағыты бойынша – 14, «Өнер саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша – 44, «Ерекше қабілеттігі бар балалармен» бағыты бойынша – 2, «Спорттық және СӨС волонтерлік» бағыты бойынша – 29 іс-шара өткізілді.
«ІЗГІ ІС» қайырымдылық жобасы аясында 65 іс-шара өткізіліп, оған 350-ден астам белсенді жас қамтылды. Нәтижесінде, аз қамтылған және жағдайы төмен 37 отбасы жастар орталығы қызметкерлері мен еріктілер тарапынан азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 28 жалғызілікті қарияларға үй шаруасына көмек көрсетілді.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы бойынша жалпы 108 іс-шара өткізіліп, оған 2002 жас қамтылды. Атап айтар болсақ, 10 бұлақ көздеріне тазарту жұмыстары жүргізілді, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған 25 тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді, тау шатқалында тазалық бойынша 2 байқау және аудан аумағына 71 тазалық акциясы өткізілді. Осы бағыт бойынша облыстық «Ақ жол» газетіне 1 мақала, «Знамя труда» газетіне 1, аудандық БАҚ беттеріне 2 мақала жарияланды. Облыстық телеарналарда 3 бейнетүсірілім жарық көрді.
Аудан жастарының ісін ақпараттандыру мақсатында аудандық, облыстық және республикалық БАҚ беттеріне жалпы – 40 («Меркі тынысы» – 24, «Меркі ақиқат» – 12, «Казахстанская правда» – 1, «Арай» – 1, «Ақ жол» – 1, «Знамя труда» – 1) мақала жарияланды. Әлеуметтік желі парақшаларына – 1531 (фейз – 422, инс – 894, басқа да – 215, әкімдік сайты – 16) пост, облыстық телеарналарға 15 бейнетүсірілім жарияланды.
Жастардың жеке мәселелері бойынша 2025 жылдың 6 ай қорытындысымен 9 қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған жалпы 25 жас қайырылды. Нәтижесінде, 4 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтары мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 6 жас жұмысқа қабылданды, 1 жас «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, 14 жасқа жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берілді.