Депутаттар судьяларды тағайындауы мүмкін — Тоқаев

0 22

Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің құзыретін кеңейту туралы ұсыныс айтты.

«Жұмыс тобы Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау, сондай-ақ Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беруді ұсынады», — деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті.

turaninfo.kz