Буллингтің алдын алу жолдары

0 24

Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор-психологі А.Темірбай тарапынан «Буллингтің алдын алу жолдары» тақырыбында аудан жастары арасында семинар өткізілді.

Шара барысында аудан жастарына қазіргі қоғамда буллинг мәселесі әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстанда да өзекті болып отырғаны айтылды. Буллинг – жеке адамның ар-намысына, психологиялық және физикалық саулығына қауіп төндіретін қасақана жасалған агрессиялық әрекеттер жиынтығы. Ол мектепте, жұмыста, отбасында, тіпті, интернет кеңістігінде де кездеседі. Сондықтан, буллингтің алдын алу – балалардың қауіпсіз ортада білім алып, толыққанды дамуы үшін маңызды іс екендігі түсіндірілді.