«Бірлік түбі – береке» дейді дана халқымыз. Жыл сайын ұйымдастырылып жатқан «Бір шаңырақ астында», «Ана мен бала – отбасы тірегі», «Бейбіт ел – бақытты ел» сияқты іс-шараларымыз аналардың қоғамдағы рөлін арттырып, жастарға өнеге беруде.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бірлік жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі бағаланып, аудан әкімінің марапатына ие болуы – елге көрсетілген құрметтің бір көрінісі.
Біздің басты мақсатымыз – аналық жүректің жылуы арқылы елге сүйіспеншілік ұялату, татулық пен келісімді дәріптеу. Меркі – достықтың, мейірім мен махаббаттың мекені.
Берекелі елімізде аналар батасы арқа тұтылып, ұрпақтар арасында үзілмейтін алтын көпір орнай берсін!
Диляром Каримова, Қалалық Өзбек ЭМБ аналар кеңесінің төрайымы