«Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы аясында жастармен кездесу өтті

0 11

2025 жылғы 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы аумағында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоғамда салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Аталған акция аясында №9 Меркі колледжінде жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, құқықтық қорғау тетіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, кездесуде өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың маңыздылығы айтылып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.

Мұндай іс-шаралар жастардың отбасы институтына деген көзқарасын қалыптастырып, оларды саналы азамат ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, бейбіт әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.