Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ынтымақтастығы

0 27

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Даналық мектебі» клубының іс-шара жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ынтымақтастығы» тақырыбында әжелер, аталар, жеңге, аға қауымдасқан кездесу ұйымдастырылып өткізілді.  Жиынның мақсаты – ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру болып табылады.

Ата-аналармен кездесу барысында отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз екені айқын көрініп отыр деп мектеп директоры Б.Бектұрғанов өз ойын ортаға салып, келген ата-аналарға өз алғысын білдірді.

Мектеп психологы М.Чимбатчаева ата-аналармен «Менің отбасым» тренингін өткізді.  Ата-аналар кездесу барысында балаларының бойларына үлгі-өнеге, өнерлерін сіңіру барысында бірігіп ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп шаш өру, жүн түту, ұршық иіру, қамшы өру, құрақ құрау сынды өнерлерін көрсете білді. Сондай-ақ, балаларымен бірге шахмат ойнап ойын көрсетулері өте тамаша әсер қалдырды.
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Сондықтан, баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асатындығы болып табылатындығын көрсетеді.

Іс-шара өнерлі балалардың ән шашуымен жалғасып, әкелер клубының төрағасы Әсет Кадыров ақ батасын беріп, кеш өте әсерлі аяқталды.