Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

0 7

Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтарының теңгерімін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

Реформа аясында Парламенттің рөлі артып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі күшейтілді. Бұл өз кезегінде өңірлердің дамуына, жергілікті мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге жол ашады. Сонымен қатар, Конституциялық Соттың құрылуы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың нақты тетігіне айналды.

Күлдариха Дүйсекова