Әулиеата – кітап оқитын өңір

0 28

Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің бастамасымен 2025 жыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап оқу жылы» деп жарияланған.

Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы кітапханасының бастауыш сыныптан кітапті сүйіп оқып тұратын тұрақты оқырманымыз, 7 «Ә» сынып оқушысы Есіркепов Нұрбақыт Серікұлын аудандық балалар мен жасөспірімдер кі­тап­ханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасындағы өткен «Абайды оқы, таңырқа…» аудандық байқауынан жүлделі бірінші орын алуымен шын жүректен құттықтап, жарайсың, Нұрбақыт! Тек қана алға демекпіз.

Нұрбақыт байқаудың барлық талаптары мен шарттарына мүдірмей жауап берді, әсіресе, бірінші кезеңі өзін-өзі таныстыруында қазақтың ұлттық киімін киіп Абай атамыздың «Желсіз түнде, жарық ай» әуеніне сүйеніп, домбырамен ән шырқап көрермендерді таңғалдырды және де екінші кезеңіндегі сахналық көріністе Абайдың бала кезіндегі рөлін айнытпай сомдап шықты.

Осы мектептің барлық білім алу­шыларын кітапты көбірек оқуға ша­қырамыз!