Аудан орталығында жаңа жылдық мереке жоғары деңгейде өтті

0 8

Жаңа жыл қарсаңында мерекелік сәнге еніп, тұрғындар мен қонақтарды ортақ қуанышқа біріктірді. Кешке келген жұртшылық жаңа жылдық әуендер мен жарқыраған безендірулерден ерекше әсер алды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жиналған көпшілікті жаңа жылмен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, ал, алдағы жылға табыс тіледі. Әкім өз сөзінде ауданның алға қойған жоспарлары мен жаңа бастамаларының табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Мерекелік бағдарламаның мазмұны да түрлі-түсті қойылымдарға толы болды. Сахнада ертегі кейіпкерлері қатысқан көңілді көріністер ұсынылып, жас өнерпаздар ән мен биден шашу шашты. Балаларға арналған ойын-сауықтар мен сыйлықтар кештің көркін қыздырды.

Шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындар жаңа жылды қуанышпен қарсы алды. Қатысушылар мерекені жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға алғыс айтып, игі тілектерін білдірді.